27
декабрь
2024
№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің 2024-2025 оқу жылындағы мақсатты мектеп жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есебі
№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің 2024-2025 оқу жылындағы мақсатты мектеп жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есебі
Білім алушылардың білім сапасы мониторингі негізінде оқу -тәрбие процесін жетілдіру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру, білім сапасын көтеру еді. Оқу жылының басында оқушылардың білім сапасының деңгейін бақылау мақсатында оқушылардан нөлдік қима алынып, өткен оқу жылының сапасымен салыстыру мониторингі жасалды.
Қыркүйек айында пән мұғалімдері диагностикалық курстан өтіп, тест тапсырып, өз білімдерін шыңдады. Педагогтердің базалық онлайн курстары арқылы біліктілігін арттыру және модуль тапсырмаларының орындалуы қадағаланды. Қазан айында жоспарға сәйкес «Интербелсенді платформалар арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарда шығармашылық топ мүшелері өз тәжірбиесімен бөлісті. «Табысты іс-әрекет: Старт. Үдеріс. Нәтиже. Түйін» жобасы бойынша мектеп мұғалімдері сауалнамадан өтті. Мектептің өзін-өзі басқару парламентінің жұмыстары да іс-әрекетті зерттеуде өз нәтижесін тауып отырды. Сонымен қатар 1тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын төмен көрсеткен 5в,7ә,7б, 8б, 8г, 9б, 10в сыныптары мектеп әкімшілігі мен шығармашылық топ мүшелері тарапынан зерделеуге алынған болатын. Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, уәжі төмен оқушылармен жұмыс барысы бақыланды.
Қараша айында мектеп директоры И.А. Дауткулова Ы.Алтынсарин Ұлттық білім беру академиясы МЖМБС ақпараттық-түсіндіру бойынша жол картасын іске асыру мақсатында «Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар; құрылымы, құндылықтар, қолданысы, нормаларды нақтылау, толықтырулар» тақырыбында кездесу өткізді. Бұл кездесудің мақсаты мұғалімдердің «Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш/ негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы» түсіндіру жұмыстарын таныстыру болды.
«Алтын Түлек » олимпиадасына 10-11 сынып оқушылары Алдаберген Нұрым ,Құрманғали Әлия,Молдабек Амир,Жәнібек Гүлімжан, Рүстем қатысып Алдаберген Нұрым жүлделі 2 орынмен оралды.Сонымен қатар аудандық өткізілген пән олимпиадасына да оқушылар қатысып.өз білімдерін шыңдады.5-6 сыныптар арасында өткен пән олимпиадасына мектебімізден 38 оқушы қатысып оның 1еуі 1орынды,8 оқушы 2орынды, ал 9 оқушы 3ші жүлделі орындарды алды. 9-11 сыныптар арасында өткен пән олимиадаға мектеп оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленсе, оның ішінде 3 оқушы облысқа өтті. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының облыстық кезеңіне 2 оқушы қатысып,сертификаттармен марапатталды. «Табысты іс-әрекет: СТАРТ. ҮДЕРІС.НӘТИЖЕ.ТҮЙІН» жобасын іске асыру мақсатында бірлескен мектептермен желтоқсан айының 20күні «Сабақта оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету сапасын бағалау» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Сабақта сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру болатын. Семинарда «Лингвистер» мен «Аналитиктер» фокус топтарының зерттеу жұмысымен танысты.Лингвистер фокус тобының зерттеу сұрағы: Сыни тұрғыдан ойлаудың «Оқиғаны өзгерт» әдісі оқушылардың білім сапасын арттыруға қалай әсер етеді?. Аналитиктер фокус тобының зерттеу сұрағы: Как влияет применение на уроке swot анализа на повышение качества знаний. Осындай зерттеу сұрақтарымен әріптестеріміз өз іс-тәжірбиелерімен бөлісіп,білім сапасын көтерудің оңтайлы жақтарын атап өтті.