№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі директорының 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі » №2 Ломоносов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Қорлай ауданы білім бөлімінің
"№2 Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72636) 4-54-76
Есепші бөлімі:
+7 (72636) 4-54-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі директорының 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі
27
декабрь
2024

№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі директорының 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі

№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі директорының 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі
Мен басшылық етіп отырған мектептің негізі 1965 жылы орта мектеп болып қаланған.Қазіргі таңда мектеп қaбырғасында 1099 oқушы білім   алуда. Оның ішінде 536 қыз бала, 563 ұл бaла. Мектепте 1-11 сыныптар аралығында 47 сынып комплектісі бар.  Оның 26-сы қазақ сыныбы болса, 21-і орыс сыныбы. Оқыту тілі екі тілде жүргізіледі. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізіледі. 2023-2024  оқу жылында 11-сыныпта 65 оқушы білім алып, «Алтын белгі» төсбелгіні -2оқушы 2-оқушы «Үздік атестатты иеленді ». 9-шы сыныпты 119 оқушы білім алып, негізгі орта білім туралы  аттестат алды, 6-оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Ал биылғы жылы 11-сыныптағы 85 оқушының  6-ы «Алтын белгіге» үміткер болса,1-і «Үздік атестатқа» үміткер. Қазіргі таңда 9-сыныпта 125 оқушы білім алуда. Оның 7-і «Үздік атестатқа» үміткер Мектепте 34 оқу кaбинетi бар, 1- мультимедия кабинеті бар. Биылғы оқу жылында 5-кабинетке мультимедиялық қондырғы орнатылды. Зертханалық кабинеттер саны-4 (химия,физика,биология, ІТ сынып) Шеберханалар саны-2(қыздар,ұлдар) Мектеп оқушылары 22 компьютермен қамтылған,
Мектепте сaбақ екі аyысымдa өтедi. Мектеп қызметкерлерінің жалпы саны-120, оның 88-педагог қызметкерлер, 7-педогог декреттік демалыста, 25- кіші қызметкерлер(3қызметкер маусымдық жұмыс атқарады. Кадр жетіспеушілігіне байланысты 2- зейнеткер (тарих пәнінен) ұзартылған енбек шарты бойынша жұмыс атқарады. Сонымен қатар магистр дәрежесі бар мұғалімдерде бар. Тарих пәніне мамандар тапшы.
          Оқу жылының басында қызметкерлермен бір жылдық енбек шарты жасалынып, таныстырылды. Мектепте еңбек қатынастарын реттеу ұжымдық –әріптестік келісім шарт мазмұнымен таныстырылып , хаттама толтырылды.
Оқу жоспарымен көзделген сағаттар санына сәйкес мұғалімдердің оқу жүктемесі тарифтик кестеге сай бөлінед. Былтырғы оқу жылында білім сапасы 50.2% көрсетсе, биылғы оқу жылында І-тоқсанда 51,4%, ІІ-тоқсанда 57,1% білім сапасын көрсетті.
Оқу жылының ІІ жартыжылдығында 2 аудандық семинар, бір дөңгелек үстел, бір аудандық байқау өткізілді.
Мектептің әдістемелік тақырыбына сәйкес мектеп директорының орынбасарлары оқу жылы барысында үш тақырыптық педкеңес, екі ғылыми-әдістемелік кеңес өткізді.
Сәуір айында мектебімізде ББЖМ өтіп, оған 4-9 сыныптан 84 білім алушы қамтылды.
 2023-2024 оқу жылында жаңадан бір жас маман жұмысқа қабылданды. Ол- орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кашаган Айдана Қанатқызы. Қыркүйек айында жас маманға тәлімгер- жетекші (Сауранбаева Майра Нургисаевна тағайындалды, педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі). Жыл басында жұмыс жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. Екінші жартыжылдықта жас мамандар ақпан айында байқаудың екінші кезеңі (ашық сабақтар тізбегі) өтті. наурыз айында нағыз педагогикалық шеберлікті шыңдайтын байқаудың ақырғы кезеңі өтті. Жас мамандар 3 кезең (1. Менің педагогикалық философиям; 2. Өнерлі өрге жүзер; 3. Ситуациялық сұрақтар шешу) бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде информатика пәні мұғалімі Тлепбаева Молдир Маратовна бас жүлдені жеңіп алды.
2023-2024 оқу жылында шығармашылық топ жұмысының жоспарына сәйкес озат мұғалімдер арасында дәстүрлі мектепішілік «Үздік педагог-2023» байқауы өтті. байқаудың ережесі аудандық блім бөлімінің жоспарланған байқауы негізінде жүргізілді. Байқауға 7 бірлестіктен бір мұғалімнен қатысып, нәтижесінде жаратылыстану математикалық бағыттағы пәндер әдіс бірлестігінің мүшесі Сембаева Гүлжанат Алмасхановна бас жүлдені жеңіп алды.
№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі жетекшілік ететін «Болашақ» желілік қоғамдастығына аудан мектептерінен №5 орта мектебі, №6 негізгі мектебі, №9 орта мектебі, №45 негізгі мектебі бекітілген.
Жоғарыдағы магниттік мектептермен тамыз айында жұмыс жоспары құрылып, жыл бойы жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды.
Атаулы 4 мектепке тамыз айында І,ІІ деңгейлі курстарды тәмамдаған тәжірибелі ұстаздар жетекшілік етеді:
№5 орта мектебі- Кадацких А.А.
№6 негізгі мектебі- Рысқұлова А.М.
№9 орта мектебі- Лутур Р.А.
№45 орта мектебі- Данаева Ч.А..
Қыркүйек айында магниттік мектептермен түсіндіру семинарлары өткізілді. Жаңадан тағайындалған жетекшілер мен жаңа оқу жылының жоспары таныстырылды.
2023 жылдың 20 тамыз күні "Қала мен ауыл мектептерінің алшақтығын жоюдағы жетекші мектептердің рөлі" тақырыбында жетекші мектептер арасында тамыз секция отырысы өтті. Секция отырысын аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері А. А. Утепова ашты, күн тәртіндегі қарастырылатын сұрақтармен, «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңартуды қолдауды мектеп қызметінде ұйымдастыру туралы» нұсқаулық хатпен таныстырды. Жетекші мектеп қызметінің мақсат, міндеттері, негізгі функциялары мен басқару субъектілеріне тоқталды.Секция отырысын жетекші №1, №2, №4, №19, №26 мектептердің жетекшілері жалғастырды. Жетекші мектеп қызметінің 2022-2023 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстарының есебімен бөлісті. Отырыс соңында әдіскер А. А. Утепова 2022-2023 оқу жылы бойынша жетекші мектептер қатарының артқанын айтып, жаңа жұмыс жүйесін ұсынды. Секция отырысынан кейін кері байланыс орнатылып, жетекші мектептер арасында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.
2023 жылдың 19 қазан күні "Серіктес мектептің жұмысын тиімді үйлестірудегі жетекші мектептің рөлі" тақырыбында жетекші мектептерге арналған семинар-практикум онлайн форматта ұйымдастырылды. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Утепова Айжан Аманкановна ашып, күн тәртібіндегі сұрақтармен таныстырды. Семинар-практикум барысында №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі директорының ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Адилбаева Жанат Кененовна жетекші мектеп үйлестірушісінің жылдық жоспарының құрылымына тоқталды. Серіктес мектептермен атқарылатын жұмыстың моделін көрсетіп, оқу жылы барысында жұмысты тиімді үйлестірудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылардан кері байланыс алынып, ұсыныстар ортаға салынды. Семинарға жетекші мектептердің үйлестірушілері мен серіктес мектептерге жетекшілік ететін мұғалімдер қатысты.
  2023жылдың 30 қарашасы күні «Оқытудың инновациялық тәсілдері оқушылардың мотивациясы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту» тақырыбында тарих пәні мұғалімдері арасында аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты: Күнделікті сабақтарда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың қабілеттерін арттыру. Семинарда тарих пәні мұғалімдері Қосаумас А.Т, Раймкулова Ж.Э, Қаңтарбаева Р.И, Данаева Г.Ә өз тәжірибиелерімен бөлісті.Семинарға ауыл мектептерінен 23 мұғалім қатысты. 24 қаңтар 2024 жылы «Әдебиет сабағында және сабақтан тыс уақытта оқу құзыреттілігінің негіздерін қалыптастыру және дамыту» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен аудандық семинар өтті.Семинардың мақсаты: Оқу құзыреттілігінің негіздерін қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қабілеттерін арттыру. Семинарға АББ әдіскерлері мен пән мұғалімдері қатысып кері байланыс жасап,семинарды жоғары деңгейде өтті деп тұжырымдады. Өз тәжірбиесімен бөліскен пән мұғалімдері аудандық мақтау қағаздарымен марапатталды. 31.01.2024 жылы №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында семинар өтті.Семинарға аудан мектептерінен 38 мұғалім қатысты. Семинарда алты мұғалім ашық сабақ,бір мұғалім сыныптан тыс іс-шара,екі мұғалім коучинг өткізді.Оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырма түрлері арқылы ҰБТ ға дайындау, PISA сырттай бақылау түрлеріне дайындық жұмыстарынан шеберлік сынып көрсетті. Семинар сабақтары мен коучингтерін талдау барысында семинардың мақсаты мәтінмен жұмыс жасауда қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдердің тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету,тәжірибе алмасу екенін айта отырып,барлық сабақтар мен коучингтер семинар мақсатына сай құрылғанын атап өтті.Қатысқан мұғалімдер семинар өте мазмұнды әрі мақсатқа сай ұйымдастырылғанын айтып, әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі. 2024 жылдың 4 наурыз күні «PISA тапсырмаларын сабаққа енгізудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында биология,химия пәні мұғалімдері арасында аудандық семинар өтті.Биологоия пәні мұғалімдері:Дүйсенбаева А.К, Джапарбекова А.Д, Лутур Р.А,Абдулина А.Ш, Алмабаева Ж.К ашық сабақтар өткізіп,өз тәжірибиесімен бөлісті.Семинар соңында АББ әдіскері Жасыбаева С.Т сабақ талдауда жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуде осындай семинарларда өз тәжірбиесімен бөліскен мұғалімдерді АББ-нің мақтау қағаздарымен марапаттады. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А. А. Утепова мен №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің "Болашақ" жетекші мектебіне қарасты серіктес №5, №6 мектептердің қатысуымен "Оқыту мен оқудағы оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқытудың тиімді жолдары" тақырыбында аудандық семинар өтті. Педагог-зерттеуші А. А.Кадацких, модераторлар :Мырзагулова М.М, Масанова М.М, Сабырқұлқызы Б өз тәжірибелерімен бөлісті. №6 негізгі мектептен 20, №5 орта мектептен 15 мұғалім қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті.
2024 жылдың 26 қаңтары күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А. А.Утепова мен №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің "Болашақ" жетекші мектебіне қарасты серіктес №5, №6, №9, №45 мектептердің қатысуымен "Заманауи әдістер: бағалау жүйесі-оқыту сапасын арттыру шарттарының бірі ретінде"тақырыбында аудандық семинар өтті.Семинар барысында магниттік мектептердің жетекшілері: А.М.Рыскулова «Қазақстанның ірі физикалық-географиялық аудандары», Джапарбекова А.Д "Металдар және бейметалдар,негізгі физикалық және химиялық қасиеттері", А.Қ.Дүйсенбаева «Терінің маңызы,құрылысы мен қызметі»,Ч.Б.Попытай «Функционалды сауаттылық –білім сапасының көрсеткіші» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға 35 мұғалім қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті.
 2024 жылдың 28 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері А. А. Утепова мен №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің "Болашақ" жетекші мектебіне қарасты серіктес №5, №6, №9, №45 мектептердің қатысуымен «Мұғалімнің функционалдық сауаттылығы-оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар барысында директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Ж. К.Адилбаева сабақ соңында рефлексия жүргізудің тиімділігі мен рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығына тоқталды. "Рефлексия- жаңартылған мазмұн бағдарламасын табысты жүзеге асыру құралы" тақырыбында теориялық бөлімді сапалы жүргізді. М. Б. Әлібай "Рефлексия- сапалы білім алудың кепілі" тақырыбында сабақтарда рефлексия жүргізудің сан алуан түрін ұсынып, тиімділігімен бөлісті. Ә. А. Елібаева "Padlet.com және Google Jamboard" қосымшаларындағы рефлексия тақырыбында семинардың тәжірибелік бөлімін жүргізді. Семинарға қатысқан магниттік мектептер мұғалімдері Padlet.com қосымшасында семинар жұмысындағы іс-әрекетіне рефлексия жасады. Семинарға серіктес мектептерден 15 мұғалім қатысты.Семинарға қатысушылар мадақтамалармен марапатталды. Семинар жоғары деңгейде өтті.
2024 жылдың 6 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен "Болашақ" жетекші мектебіне қарасты серіктес №5, №6, №9, №45 мектептер арасында «Дөңгелек үстел» байқауы ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысы:
- Қатысушыларды уәждеу, дұрыс бағалау және аттестациялау;
-Міндеттерді орындауға өкілеттілік беру және бақылау;
-Ағымдағы проблемалар мен ұйымдастырушылық мәселелерді табысты шешу;
-Қызметкерлердің дамуы мен жұмыс тиімділігін арттыру;
-Ұжымдағы өзара арым-қатынас пен микроклиматты жақсарту;
-Командалар құру және топтарда жұмысты жолға қою критерийлері арқылы бағаланды.Семинарға 22 мұғалім қатысты.
Мамыр айының екінші жартысында магниттік мектептерден шығыс сауалнамалары алынды. 17 мамыр күні магниттік мектептердің жауапты мамандарымен онлайн жүздесу өтті. Онда жаңа 2023-2024 оқу жылының жоспарына енгізілетін маңызды сұрақтар мен өткізілетін іс-шаралар талқыланды.
«Болашақ» жетекші мектебінің магниттік №5, №6, №9, №45 мектептермен жаңа 2024-2025 оқу жылына қойған мақсат-міндеттері:
- бірлескен орта жұмысын жандандыру;
- оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару тақырыбында семинар-практикумдар жоспарлау;
- жас мамандар мектебінің жұмыстарын жандандыру;
- білім беру мазмұнын жаңартудың мониторингін жүргізу;
- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеге енгізу барысына бақылау жасау.