Ең үздік жас маман-2020 » №2 Ломоносов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Қорлай ауданы білім бөлімінің
"№2 Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72636) 4-54-76
Есепші бөлімі:
+7 (72636) 4-54-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2020

Ең үздік жас маман-2020

Бүгінгі таңда мұғалім дәстүрлі сабақ өтумен шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Ол үшін мұғалімнің өзі барынша шығармашыл, ізденімпаз болу керек. Сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болуы тиіс. Яғни, бүгінгі заман талабына сай мұғалім- көшбасшы. Үнемі көштің басында жүру әрине, қиын. Дегенмен бұл- жаңа заман талабы. Ұстаздық бірден қалыптаспайды, мұғалімдіктің шыңына жеткен ғана нағыз ұстаз деп айтуға болады. 27-31 қаңтар аралығында #2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің жас мамандары арасында "Ең үздік жас маман-2020" байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Жас мамандар өздері сабақ беретін сынып оқушыларымен сыныптан тыс шаралар өткізді. Мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А. М. Конбаева жетекшілік еткен бұл байқау:
- сабақтың оқу мақсатына сәйкестігі;
- Сабақта көрнекіліктің оңтайлы қолданылуы;
- оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс;
- сабақтың өміршеңдігі;
- сабақтың тәрбиелік мәні;
- Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің түрлілігі, қолдану шеберлігі өлшемдері арқылы бағаланды. Атап айтқанда, химия пәні мұғалімі А. Джапарбекова, математика пәні мұғалімі М. Әлібай, ағылшын тілі пәні мұғалімі С. Топаеваның сабақтары жоғары бағаланды. Жарқын болашақ білімі мен білігі толысқан, ұлтының терең тарихы мен бай тілінен сусындаған, ойы озық, өрісі кең, рухы биік, талабы таудай жастардың қолында!


Похожие публикации:

04 декабрь 2018 Мектеп әкімшілігі
04 декабрь 2018 Мектеп әкімшілігі