Киелі бесік » №2 Ломоносов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Қорлай ауданы білім бөлімінің
"№2 Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72636) 4-54-76
Есепші бөлімі:
+7 (72636) 4-54-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2020

Киелі бесік

Ақпанның жиырмасыншы жұлдызында аудандық мәдениет үйінде «Киелі бесік» фестивалі болып өтті.Оған ауданымыздан 9 этно орталық қатысты. Фестиваль негізгі 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең:«Бесікке бөлеу» дәстүріне қойылым көрсету. Екінші кезең :бесік жырын жанды дауыста нақышына келтіре орындау. Ал біздің ұстаздар татар-башқұрт орталығын таныстырды. Олар тек татар тілінде сөйлеп қана қоймай, татар халқының бесікке байланысты салт-дәстүрлерін толығымен көрсете білді. Ал екінші кезеңінде мектебіміздің жезтаңдай әншісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рахимова Маржан Тойшыбековна бесік жырын татар тілінде өте жоғары деңгейде орындап шықты. Сонымен қатар, екінші кезеңінде ұстаздарымыз періштелер келбетін әсем би арқылы сомдады. Себебі, татар халқында,   бала ұйқыға кеткен кезде, періштелер оны үнемі қорғауда болады деген наным бар. Фестиваль соңында барлық этно орталықтар диплом, алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды. Татар -башқұрт орталығы ең үздік «Бесік жыры» номинациясына ие болды. 

Похожие публикации:

28 февраль 2020 Дала сазы
17 октябрь 2019 Мұғалімдер күні