Мамандық – өмір таңдауы » №2 Ломоносов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Қорлай ауданы білім бөлімінің
"№2 Ломоносов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72636) 4-54-76
Есепші бөлімі:
+7 (72636) 4-54-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2020

Мамандық – өмір таңдауы

№2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде 9,10,11-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында іс-шара өтті.   Іс-шараның мақсаты: мектеп оқушыларына сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беріп, болашақта мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру. Іс-шараға  Қордай аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Жамангөзова Айнагүл Жанболатқызы, жеке кәсіпкер Агибаев Ерік Турукулович, техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығының қосымша білім беру педагогтері: «Тігін ісі» үйірмесінің жетекшісі Төлеуова Ләззат, «Шаштараз» үйірмесінің жетекшісі Бүйребаева Гүлжан, «Бауырхан» шаштаразының мастері Омаркулова Динара келіп, оқушыларға өз мамандықтары жайлы айтып берді. Жұмыспен қамту орталығының маманы Жамангөзова А.Ж. ауданымызда сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берді. Метебіміздің түлегі Күмісбекоа Тимур қаржы мамандығы бойынша оқу орнын бітіргенімен, контитерлік жолға қалай келгенін баяндады. «Timurbakery» торт кондитерлік студиясының иесі жас кондитер жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті. Келесі кезекте мектебіміздің 11-сынып оқушылары өздері таңдаған мамандықтары жайлы сыр бөлісті. Қазіргі таңда нарықта сұранысқа ие заман талабына сай пайда болған жаңа мамандықтар туралы оқушыларға мәлімет берілді. Іс-шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсенбаева Ж.Ж. кеш қонақтары мен ұйымдастырушыларға алғыс айтып, оқушыларға мамандық таңдауда сәттілік тіледі.