09
январь
2020
Елбасы ұлт мақтанышы
Елбасы ұлт мақтанышы1991 жылғы 1-желтоқсан күні тәуелсіз қазақ елінде алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Н.Ә.Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Осы атаулы дата жетіжылданбері ҚР Тұңғыш Президенті күні ретінде тойланып келе жатыр. Ерекше маңызға ие бұл күн біздің Михаил Ломоносов атындағы №2 орта мектебінде де өз дәрежесінде аталып өтті.Сахна шымылдығы Елбасымыздың бейнеролигімен ашылды.
-Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен ел көшін бастап, бір тізгін ұстап, талай тәуекелге бас тіккен тұлғамыз ол – Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 28 жыл бұрын 1 желтоқсан күні жас мемлекет халқы өз Президентіне таңдау жасады. Сондықтан бұл күн аса маңызды мереке. Бұл күн Мемлекет басшысының елі үшін атқарып жатқан жанкешті жұмысы мен табысты еңбегіне көрсетілген зор құрмет. Елбасы өз сөзінде Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру қиын екендігін үнемі айтыпкеледі. Бүгінде әлемде Н.Назарбаев есімі ең мақтаулы сөздер мен бірге айтылып, оған жоғарғы баға беріліп келеді. Көршілес елдермен тату болып, әлемдік дін лидерлерінің разылығына бөленуі, дауласқанға бітімгерлік жасауы қазақ елінің басшысына берілген игі қасиет. Оны әлемдік деңгейде мойындалған тұлға десек те қателеспейміз. Тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда сарабдал саясат жүргізген Тұңғыш Президент күні құттыболсын! – деп жиналған көпшілікті айтулы күнмен Мектеп директоры Попытай Ч.Б. құттықтады.
Птриоттық кеште 8 «А» сынып оқушысы Ибақ Құралай Елбасымызға арнау айтты және бишілер би билеп, Патриоттық әндер айтылды. Патриоттық кеш өте жоғары деңгейде өтті.