21
февраль
2020
Өзін-өзі тану
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу-басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп, ұстанатын "Бөбек" қорының президенті С. Назарбаеваның "Өзін-өзі тану" авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Осы орайда 19 ақпан күні #2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінде "Өзін-өзі тану" пәні арқылы рухани-адамгершілік білім беру тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинар барысында өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Ж. С.Хусайнова, Н. М. Маралбаева, Б. Сабырқұлқызы, Т. И. Тонкачева, М. Қ. Бейсенбаева, Р. А. Лутур өз тәжірибесімен бөлісті. Аудандық іс-шара АББ әдіскері А. М. Раймкулова тарапынан жақсы деп бағаланды. Шеберлік сыныбы барысында аудан мектептерінен келген ұстаздар топқа бөлініп, жарысқа түсті.








